Жарияланған күні: 15.03.2019 16:54
Өзгертілген күні: 15.03.2019 17:00

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 13.03.2019 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі - СЭҚҚ) және кеден өкілдерімен кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған тексеру тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

СЭҚҚ  кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған тексеру «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 410-бабына сәйкес жүзеге асырылатыны жеткізілді.

 Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау үшін кеден органы сұратқан құжаттарды және (немесе) мәліметтерді декларант тауарлар шығарылғаннан кейін, кедендік декларацияның тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде ұсынуы мүмкін.  Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған күннен бастап, ал егер мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылмаса – мұндай мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аяқтайды.

Егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мүмкін еместігінің және (немесе) олардың болмауының себептерін түсіндіру кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу үшін негіздерді жоймаса, кеден органы осы баптың 14-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген тексерілетін мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтердің анықтығын және толықтығын анықтау үшін қажетті жазбаша түсініктер сұратуға құқылы. Мұндай қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсініктер кеден органы сұрау салуды тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

Қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсініктерді ұсыну туралы сұрау салу жіберілген кезде осы баптың 14-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімінің өтуі кеден органы мұндай сұрау салуды тіркеген күннен бастап тоқтатыла тұрады және кеден органы қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсініктерді алған күннен бастап, ал олар ұсынылмаған жағдайда – оларды ұсыну мерзімі өткен күннен бастап қайта басталады.

 

 

Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы