Жарияланған күні: 12.11.2018 09:19
Өзгертілген күні: 14.11.2018 18:18

 

       

      Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны (100.00 нысанды) ұсынғанға дейінгі және кейінгі кезеңде, салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін аванстық төлемдерді КТС бойынша есептеу және төлеу жөнінде міндеттеме туындайды. КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеуге кімдер міндетті? КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеушілер болып салықтық кезең үшін түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табысы (ЖЖТ) алдыңғы өткен есептік кезеңде 325 000 АЕК есеге асатын салық төлеушілер табылады. Келесі санаттар КТС бойынша аванстық төлемдерді төлемейді және есептемейді: салықтық кезең үшін түзетулерді ескере отырып ЖЖТ алдыңғы өткен есептік кезеңде 325 000 АЕК кем немесе тең салық төлеушілер; заңды тұлға ретінде тіркелген кезеңде және кейінгі есептік кезеңде - жаңадан құрылған салық төлеушілер; коммерциялық емес ұйымдар, автономды білім беру ұйымдары, әлеуметтік салада жұмыс істейтін т.б ұйымдар

 

 

Аванстық төлемдерді есептеу және төлеуді келесідей үлгідегі схемалық түрде көрсетуге болады:

КТС бойынша аванстық төлемдер Т)

КТС бойынша декларация тапсыруға дейін                                                                                           КТС бойынша декларация тапсырғаннан кейін

          Ұсыну мерзімі

Ағымдағы жылдың 20-қаңтарынан кешіктірмей                 

                                                                                                                                                                     Ағымдағы жылдың 20 –сәуірінен кешіктірмей

 

Есептеу формуласы

АТ сомасы =өткен кезең үшін  АТ сомасы 1/4                                                                           АТ сомасы =өткен кезең үшін КТС  сомасы 3/4 –ден

Төлем мерзімдері

1 тоқсанға АТ: ай сайын  25  күнге дейін тең үлес           

                                                                                                   2,3,4 тоқсанға АТ: ай сайын 25 күнге дейін тең үлес

 

 

 

 

 

 

КТС бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезеңде аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу тәртібін қарастырамыз. Аванстық төлемдердің сомасы алдыңғы салықтық кезең үшін КТС сомасынан ¾ мөлшерінде есептеледі. КТС бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезеңде ұсынылған аванстық төлемдерді төлеу есепті жылдың 2, 3 және 4-ші тоқсанының әр айының 25-нен кешіктірмей жүзеге асады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 278-бабының 3-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың есептік кезеңінде іс жүзінде есептелген КТС-ның нақты сомасының салықтық кезең iшiнде есептелген аванстық төлемдердің сомасынан 20%-дан астам мөлшерде асып кеткенде ic жүзiндегi салықтың асып кету сомасының 20% мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Айыппұл төлеуден жалтару кезінде салық төлеуші аванстық төлемдерді қосымша есептеуді қамтамасыз етуі мүмкін.

Қосымша есептеулерді ұсынудың соңғы мерзімі - салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына дейін.

2018 жылға дейін 101.02 нысаны бойынша түзету салықтық кезеңнің 20 желтоқсанына дейін ғана жасалуы мүмкін.

 

 

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыс басқармасы