Жарияланған күні: 06.12.2018 14:43
Өзгертілген күні: 06.12.2018 14:46

 

2018 жылғы 29 қарашада сағат  11.00- ден 18.30-ға дейін Қостанай  қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп  «МАРТ» СОО және «МБО» СО көшпелі түсіндіру күнін өткізді.

Іс-шараны  өткізудің мақсаты, салық төлеушілерге тіркеу функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша, POS-терминалдарды қолдану бойынша өзгерістерді, салық органына келмей-ақ көлік салығының сомасын, салық берешегінің сомасын алу мүмкіндігі туралы жеткізу болып табылады. Кездесу барысында барлық сатушыларға егжей-тегжейлі түсіндірумен жадынама таратылды.