Жарияланған күні: 14.11.2018 10:34
Өзгертілген күні: 14.11.2018 10:36

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 21-ші мамырынан бастап облыс көлемінде «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясы өткізіліп жатқандығын хабарлайды. Жалпы республикалық акцияның өту барысында тұрғындар  арасында ай сайын бағалы  сыйлықтар ойнатылады.

          Азаматтар акцияға қатысуы үшін сатып алған тауар, қызмет немесе жұмыс бойынша фискалды чектарды смартфондар арқылы суретке түсіріп   «Wipon» бағдарламасымен жолдауы қажет. Бұл ретте Wipon қосымшасын жүктеу және оны пайдалану қызметтері тегін екендігін  есіңізге саламыз.

         Барлық қостанайлықтарды өткізілетін акцияға  белсенді қатысуға шақырамыз және финалдық сыйлық автокөлік ұтып алуға мүмкіндікті  пайдаланындар.             

 

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы