Жарияланған күні: 10.07.2019 18:23
Өзгертілген күні: 10.07.2019 18:24

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалардан жер салығы мен мүлік салығын есептеу және төлеу мерзімдері өзгертілді.

Жеке тұлғалармен төлеуге жататын жоғарыда көрсетілген салықтарды есептеуді мемлекеттік кіріс органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Бұл ретте 2018 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын төлеу мерзімдері 2019 жылғы 1 қазанға келеді.

2019 жылға көлік салығын төлеу мерзімі-31 желтоқсан 2019 жыл.

Салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұл есептеу көзделген, ол жиынтығында салық берешегін құрайды. Осы берешек болған кезде Мемлекеттік кірістер органдары мынадай шараларды қабылдайды.

Салық кодексінің 24-бабының 15) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші берешекті банкке жүгінген күні төлеген кезде Банк мұндай салық төлеушіге банк шотын ашуға құқылы екендігі анықталды.

Сондай-ақ, салық берешегі өтелмеген жағдайда хабарлама берілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін, егер берешек 1 АЕК (2525 теңге) асатын болса, салық органы салық бұйрығын шығарады және оны орындау үшін сот орындаушысына жібереді.

Салық берешегін өндіріп алудың одан әрі шараларын сот орындаушысы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жүзеге асырады.

Жазғы маусым - демалыс уақыты басталғаннан кейін көптеген адамдар шетелде демалуды жоспарлайды, немесе басқа мемлекетке қоныс аударғысы келеді, сонда салық берешегі болған жағдайда оларға шетелге шығу қиын болады. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 33-бабына сәйкес борышкер атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды 20 АЕК (50 500 теңге) астам сомаға орындамаған жағдайда сот орындаушысы Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу туралы қаулыны шығарады.

Сот орындаушылары Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу туралы қаулы шығарған борышкерлердің тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында орналастырылады.

Салық төлеушілерді Комитеттің интернет-ресурсында салықтарды төлеу бойынша орындалмаған салық міндеттемелерінің болуы туралы хабардар ету мақсатында www.kgd.gov.kz "Электрондық үкімет" порталында "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисі іске асырылды, ол онлайн-режимде салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармас.