Жарияланған күні: 20.03.2019 12:13
Өзгертілген күні: 27.03.2019 16:54

 

2019 ж. 14 наурызында Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері  Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып ауданымыздың Әйет және Тобыл елдімекендерінің  білім мекемелеріне барып қайтты.

Оқушылармен кездесудің басты мақсаты- өскелен ұрпақ арасында салықтық мәдинетті ұлғайту және олардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Оқушыларға салықтардың арқасында мектеп, аурухана салынатыны, құқық қорғау органдары мен әскер құрылатыны, ұстаздар мен дәрігерлердің еңбекақысы, зейнетақы, жәрдемақы төленетіні туралы білу өте қызық болды. Бұл орайда, салықтардың болмауы кез келген мемлекетті  тығырыққа тіреп, елдің әлсізденуіне  әкеліп соқтыратыны белгілі болды.

Оқушыларға кез келген түбіртектің берілмеуі бұл- алынған табысты жасырып, салық төлеуден жалтару екені түсіндірілді. Салық дегеніміз-зейнетақы, еңбекақы, стипендия, адамдардың әлеуметтік қамсыздануы болып табылады. Сондықтан, азаматтық санаңызды көрсетіп, түбіртекті талап етіңіздер.

Өткізілген шараның  мақсаты тұрғындармен ақшалай есептесу кезінде бақылау-кассалық машиналарын қолдану әлеуметтік-экономикалық маңызды екендігі  туралы  қоғамдық пікірді қалыптастыру; тауар, жұмыс, қызмет тұтынушылар ретінде өз қызығушылықтарын қорғау үшін азаматтар арасында құқықтық мәдениетті тәрбиелеу; бақылау-кассалық машиналарын қолдану кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары жөнінде салықтөлеушілерді және қоғамды ақпараттандыру; бақылау-кассалық машиналарын қолдану кезінде салықтөлеушілердің салықтық тәртібін көтерудін арқасында, салықтық төлемдердің бюджетке түсімдерін ұлғайту; көлеңкелі экономиканың мөлшерлерін азайту; кәсіпкерлер арасында  әділетті  бәсекелестікті  ынталандыру болып табылады.