Жарияланған күні: 21.02.2019 10:57
Өзгертілген күні: 21.02.2019 11:11

  Қазіргі кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі бағыттары  Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында айқындалған.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтудың мақсатты нұсқауларына қол жеткізу алгоритмі Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген, ол бүгінгі таңда басты бағдарламалық құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын құру арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стратегияның негізі салық және кеден қызметі қызметінің неғұрлым сыбайлас жемқорлық аймақтарын анықтау, қызметшілер мен салық төлеушілер арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторларды жою болып табылады.            

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайту жөніндегі пәрменді шараларды ұйымдастыру үшін Мемлекеттік кірістер органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында лауазымды адамдардың азаматтармен тікелей байланысы болатын салаларға бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылдайды.

Сондықтан, жалпыға бірдей цифрландыру кезеңінде Мемлекеттік кірістер органдары барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тек қана электрондық форматқа көшіру жөнінде шаралар қолданған жөн.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылға 1095,7 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 1038,3 мың электрондық қызмет түрінде немесе 94,7%.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында Мемлекеттік кірістер органдарының имиджін көтеруге елеулі мән беріледі.

Мемлекеттік кірістер органдарының имиджін қалыптастыру жоғары технологиялық қызмет, клиентке бағытталған тәсіл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында құқық қорғау органдарымен ғана емес, азаматтық қоғам институттарымен де өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашықтық сияқты критерийлерді ескере отырып құрылады.

Осы міндеттерді орындау үшін, Мемлекеттік кірістер органдары көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру міндетін қойған және ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен енгізу жолымен осыған қол жеткізген алғашқы мемлекеттік органдардың бірі болды.

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің халықпен байланысын барынша азайту, сондай-ақ клиентке бағытталған тәсіл қағидаттарының негізінде қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданды.

 «100 нақты қадам - Ұлт жоспары» шеңберінде кедендік және салықтық басқару саласында ең маңызды технологиялық серпін - ​​«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін енгізу.

"АСТАНА-1" АЖ басқа ақпараттық жүйелермен интеграцияланған, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тауарды алу үшін кеден органына келу қажеттілігі жоқ, себебі уақытша сақтау қоймаларының иелері "АСТАНА-1"АЖ тіркелген.

Бұрын қолданылып жүрген кеден бағдарламаларымен салыстырғанда, олардың саны бес, жаңа жүйе тек автоматты түрде тіркеуге ғана емес, сондай-ақ жасыл  дәліз  бойынша  декларацияны   автоматты  түрде  шығаруға мүмкіндік береді, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мен  кедендік  ресімдеу  маманы  арасындағы  тікелей  байланысты  іс жүзінде болдырмауға мүмкіндік береді.
Жасыл дәліз бойынша декларацияларды өңдеу және шығару уақыты                       1 минуттан сәл асады.

2018 жылдың 12 айында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттерінде 16 967 ТД ресімделді, оның ішінде "жасыл дәліз"  бойынша "АСТАНА-1" АЖ 14567 декларация ресімделді, яғни декларацияның 85.9% инспектордың қатысуынсыз бағдарламаның өзінен  автоматты түрде шығарылды.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктерден төлемдер туралы ақпарат "АСТАНА-1"АЖ жедел келіп түседі. Бұл ретте төлемдер тауарларды декларациялау орнына қарамастан қатысушылардың тіркелген орны бойынша төленеді.

Бұрын мұндай кедендік рәсімдерге бір сағатқа жуық уақыт кетіп, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кеден органына жеке келуі қажет болатын.

Енді процесс декларациялаудың автоматтандырылған, маман бақылау шаралары мен түрлерін өз бетінше тағайындай алмайды, барлығын бағдарлама жасайды. Маманның араласуы азайды, сондықтан  адам факторы алынып тасталды.

Кедендік рәсімдерді ресімдеу жүйесін жетілдіру, электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді ұсыну сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының ашықтығы мен айқындығы  халықтың мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыруға, Мемлекеттік кірістер органдарының имиджін арттыруға ықпал етеді.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар 8(7142)535989,8(7142)536580 телефон нөмірлері бойынша Мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсетілуі, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларды бұзылуы, барлық салада сыбайлас жемқорлық көріністері және басқа да заңсыз әрекеттер фактілері бойынша ақпаратты хабарлай алады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілік" идеологиясын қалыптастыруды және оны құбылыс ретінде жоюды көздейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлығының және әркімнің міндеті болып табылады.