Жарияланған күні: 09.11.2018 09:52
Өзгертілген күні: 09.11.2018 10:15

     

  

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша "Түбіртекті талап ет - сыйлық ұтып ал!" жалпыреспубликалық акциясының кезекті жеңімпаздарына сыйлықтарды тапсырды. Кездейсоқ таңдау әдісімен үш жеңімпаз анықталып, оларға құнды сыйлықтар берілді. 

1 орын -   № 7480402 чек (Анатолий)

2 орын -  № 7404352 чек (Екатерина)

3 орын - № 7605953 чек (Сергей)

Ескертеміз, "Түбіртек талап ет  - сыйлық ұтып ал! "   акциясын ағымдағы жылдың 21 мамыры мен 30-қарашасы аралығында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті өткізеді. Акцияның барысында ай сайын құнды сыйлықтар ұтысқа шығарылады. Желтоқсан айында Астана қаласында Гранд финал болады. Ол жерде бас жүлде - Автокөлік ойнатылмақ.

Акцияның қатысушысы атану үшін «Play Market» және «Аpple App store» қосымшалары үшін қолжетімді «WIPON» мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет. Қатысушылар мен түбіртектердің санына шектеу қойылмайды. Жіберілген әрбір түбіртек бір ұтыс билетіне тең. 

Осылайша, көбірек түбіртек жіберген сайын, қатысушылардың сыйлық ұтып алуға мүмкіндігі артады. Акцияға қатысушылар  ҚР азаматтары болып табылады. 

                                              Департаменттің баспасөз қызметі.