Жарияланған күні: 20.08.2019 17:12
Өзгертілген күні: 20.08.2019 17:14

Жеке тұлғаларға негізгі соманы төлегені үшін өсімпұлды есептен шығаруы үшін осы жылдың соңына дейін жүргізілген салықтық рақымшылыққа байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-сайтында www.kgd.gov.kz «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қызметі жұмыс жасайтынын назарыңызға жеткіземіз, ол арқылы сіз өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз (ЖСН) арқылы онлайн режимінде салық қарызының болуы немесе болмауы туралы қажетті ақпаратты ала аласыз.

Сервиске сілтеме: https://kgd.gov.kz/.

Ағымдағы жылдың соңына дейін өткен жылдардағы салықтардан негізгі қарыздары өтелген жағдайда, есептелген өсімпұлдар есептен шығарылады.

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуыңызға болады.

 

 

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.