Жарияланған күні: 16.03.2018 09:22
Өзгертілген күні: 22.11.2018 09:49
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылғы 31 наурызда 2017 жылға арналған 240.00 нысан бойынша жеке табыс салығы туралы декларацияны (ЖТС) ұсыну мерзімі аяқталатындығын еске салады.

Декларацияны ұсынады:

•  Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;

• Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар мен Қазақстан Республикасында тұратын,  есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы қолданыстағы және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, есептi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша  Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдiк банктердегi банктік есеп-шоттарында  12 ең төменгi жалақы мөлшерінен артық сомада ақшасы бар тұлғалар;
• Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар мен Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына меншік құқығымен келесідей  меншікке ие:
 
- шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органымен (құқықтар және (немесе) мәміле) мемлекеттік немесе басқа тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;

- эмитенттері Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар;

- Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
 
ЖTС бойынша декларация 2017 жылға арналған міндеттер бойынша 2018 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша (тұрғылықты жері бойынша) салық органына  ұсынылады.
 
Салық есептілігін ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын  қосымша хабарлаймыз (ӘҚБТК).

Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес  ЖТС бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу жолымен жасыруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің              275-бабының3-тармағына сәйкес  әкімшілік жауапкершілік көзделген.
 

Бұдан басқа, ЖТС-ның декларациясын табыс етпеуі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүлікке меншік құқығы туралы ақпаратты жарияламауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшаға теңестіріледі.

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы