ДЭФ ЖБИ рейтингісі

Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі (ДЭФ БҚЖИ)

ДЭФ БҚЖИ «Өнім нарығының тиімділігі» атты алтыншы фактор шеңберінде «Кедендік рәсімдер ауыртпашылығы» индикаторы бойынша (2017 – 79-шы орын,    2016 – 59-шы орын. Зерттеу әдісі) жауапты орындаушы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) белгіленді.

2017-жылы сауалнаманы «Стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ жүргізді, онда шамамен 120 компания қатысты.

Бұл көрсеткіш бойынша ДЭФ БҚЖИ әдістемесі егжей-тегжейлі және жағдайлық мәселелерді қарастырмайды (Doing Business рейтингісінде көрсетілгендей), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен консультациялар жүргізілмейді. Осыған байланысты осы көрсеткіш бойынша Қазақстанның позициясын төмендетудің нақты себептерін анықтау мүмкін емес.

Комитеттің пікірірінше, төмендеудің себебі - кедендік әкімшілендіруде автоматтандырылуы мен модернизациясының жоқтығы. Салыстырмалы түрде, электронды декларацияларды іске асырған Сингапур, Нидерланды, Грузия секілді шет елдер осы көрсеткішке жетекшілік етеді.

Слайд по ГИК ВЭФ