Шикізат экспорттаушыларына жаңа салықтық артықшылықтар
Шикізат экспорттаушыларына қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруды жеңілдету жоспарлануда. Мұндай артықшылықтарға шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде жартысын ұлттық валютаға айырбастаған экспорттаушылар ие болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Ол үшін салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы әзірленуде.