
Автожанармай құю станцияларында бензин мен дизель отынының айналымын бақылау- өлшеу аспаптары арқылы бақылау - бұл мұнай өнімдері нарығындағы кешенді мемлекеттік реттеу механизмдерінің бірі.
ЕБА-ны орнату бюджетке салықтардың барынша толық түсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЖЖМ нарығының субъектілерін мемлекеттік органдар тарапынан артық тексерулерден қорғауға көмектеседі.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңымен (19-баптың 3-тармағы) мынадай талап белгіленген:
мұнай өнімдерін өткізу, тиеу және (немесе) тасымалдау және айдау мұнай өнімдерін автожанармай құю станцияларынан есепке алудың бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕБА) арқылы міндетті түрде ауыстыра отырып жүзеге асырылады:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан автожанармай құю станциялары үшін;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – өзге елді мекендерде орналасқан автожанармай құю станциялары үшін.
Мұнай өнімдерін өткізу көлемдерін есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесінің болмауы ЖЖМ-нің заңсыз нарығының болу себептерінің бірі болып табылатындықтан, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың бақылау аспаптарынсыз не есепке алудың бақылау аспаптарын айналып өтіп сату және (немесе) жөнелту әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, ол үшін мынадай әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
– әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де кірістер тәркілене отырып жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.