
Этикалық нормалар — мемлекеттік қызметке деген сенімнің негізі
17 қазан күні Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке құраммен мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары бойынша жоспарлы техникалық оқу өткізілді.
Оқытудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы мен қызметтік мінез-құлық мәдениетін арттыру.
Спикер – Адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысы Олжас Сейтжанов қызмет барысында сақталуы тиіс этикалық талаптар туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Оқу барысында қозғалған негізгі тақырыптар:
▪️ Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен кәсібилігі;
▪️ Халықпен және әріптестермен қарым-қатынаста сыйластық пен ашықтық;
▪️ Дөрекі және бейәдеп сөздерді қолдануға жол бермеу;
▪️ Жұмыс орнындағы моральдық-адамгершілік ортаға жауапкершілікпен қарау.
Мемлекеттік қызметші – халық сенімін ақтаушы тұлға. Сондықтан әрбір сөз бен әрекет, сыртқы мәдениет пен ішкі тәртіп – бұл тек жеке қасиет емес, бүкіл мемлекеттің абыройына әсер етеді.
Мұндай оқулар ұжымда әдептілік, жауапкершілік және адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
#мемлекеттікқызмет #қызметмәдениеті #этика #қоғамсенімі #оқыту #әділет




























