
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 5 шілдесінен бастап байланыс орталығына салықтық құпияны құрайтын ақпаратты ұсыну мәселесімен жүгінген кезде жеке тұлғаны сәйкестендіруі Е-Salyq Business ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетінін хабарлайды.
Осылайша, мобильді азаматтар базасындағы (МАБ) телефон нөмірінің көмегімен оператор салық төлеушіден 4 таңбалы тексеру кодын сұрайды, сәйкес келген жағдайда салық құпиясын құрайтын ақпаратты ұсыну бойынша қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар бойынша мәліметтерді беру басшы, бюджетке жауапты қызметкер, уәкілетті тұлға, құрылтайшы БСАЖ АЖ-да деректерінде болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Салықтар және басқа да көптеген мәселелер туралы толығырақ 1414 нөмірі немесе @mkdalmaty_dgdalmaty арқылы біле аласыз.