Таран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының
«Таза жағалау» акциясына қатысуы
Жаздың жағажай маусымы аяқталды, өкінішке орай оның қалдықтары қалды. Жағажай жағалауына демалуға келгендердің артынан көп қоқыс қалдықтары қалатыны қынжылтады.
Таран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Таза жағалау» акциясына қатысты. Аталған іс- шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Белгіленген уақытта басқарма қызметкерлері жиналатын жерге келіп, жұмыс жоспарын құрып, айналаны тазалауға кірісті. Қаптарға пластик және шыны бөтелкелерді, аяқ астындағы барлық қоқысты жинап, өз меншігіндегі көлікпен жергілікті ҚТҚ полигонына тасыды, нәтижесінде Аят өзенінің жағалауы тазарды.
Барлық демалушыларға біздің атымыздан өтініш, су қоймаларында қарапайым санитария ережелерін сақтаңыздаршы! Жағалау аумағы мен өзенді ластамаңыздар. Жағажайға келетін тек сіздер ғана емес екенін әркім естен шығармасын!
Таран ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы