Date of publication: 05.09.2016 18:05
Date of changing: 05.09.2016 18:10

Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен «Жетіқара» кеден бекетінің «Мектепке жол» акциясына қатысуы

 

Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Жетіқара» кеден бекетімен бірлесіп «Мектепке жол» республикалық науқан аясында мектеп киім-кешектерін сатып алуға материалдық көмек көрсетті.  Науқан аясында Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен «Жітіқара» Кеден бекеті Милана Богатенковаға және Бекзат Танжерыковқа қолғабыс етті.  Миланаға спорттық костюм және спорттық аяқ киім таңдалды. Ал Бекзатқа жейде, спорттық аяқ киім және шалбар сатып алынды. Балалар сатып алынған заттарға өте риза болды. Кеден бекеті және  мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары Милана мен Бекзатқа оқуда табыс, жақсы бағаларды, денсаулық пен оқу жылына жақсы көңіл-күйді тіледі.

       

 

 

 

Жітіқара ауданы бойынша МКБ

«Жетіқара» кеден бекеті