Жария ету субъектілерінің ыңғайы үшін «бір терезе» принципі іске асырылды
Болашақта мүлікті жария ету рәсімін оңайлату мақсатында 2016 жылғы 1 тамыздан бастап мүлікті, сонының ішінде ақшаны жария ету бойынша арнайы декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібі жөнінде өзгерістер күшіне енді.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер жария ету субъектісінің қалауы бойынша соңғы анықталған шарттарымен екінші деңгейлі банк арқылы ескертпемен пошта арқылы мемлекеттік кірістер органдарына тапсырыс хат арқылы мүлікті жария ету бойынша декларацияны ұсыну мүмкіндігі қарастырылған.
Яғни, жария ету субъектілерінің ыңғайы үшін «бір терезе» принципі іске асырылды, ол арқылы азаматтарда мемлекеттік кірістер органдарына бармастан, бюджетке мүлікті жария ету үшін тиісті алым соммасын төлеу кезінде банк арқылы тиісті декларацияны және іліспе құжаттарды жіберуді жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды.
Түсіндіру жұмыс басқармасы




























