Date of publication: 27.04.2022 17:14
Date of changing: 27.04.2022 17:16

2022 жылдың 21 сәуірде Қостанай қаласы бойынша МКБ Қазтұтынуодағы колледжінің студенттерімен флешмоб өткізді.

         Флешмоб Мемлекеттік кірістер комитетінің «е-Salyq Business», «е-Salyq Azamat»  мобильді косымшалары сияқты цифрлік өнімдерге жастардың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.

         Қостанай қаласы бойынша МКБ бас маманы Жанна Тұрғанованың айтуынша, флешмобқа қатысушылар бір апта бойы дайындалды.

«Студенттер ата-аналардың салық берешегі бар-жоғын тексеріп қана қоймай, жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алатын қосымшаларға шын жүректен қызығушылық танатты»,-деді ол.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы