Date of publication: 05.05.2022 09:30
Date of changing: 05.05.2022 09:30

01.05.2022 жылы Лисаков қаласы бойынша МКБ велошеруді ұйымдастырды, оған қаланың барлық тілек білдірген тұрғындары қатысты. Қатысушылар қала сыртына 20 шақырым жол жүрді. Жарыс сағат 15:00-де басталып, велосипедшілер сағат 16: 30-да мәреге жетті. Веложарыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жалпы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды бөлігі болып табылады.