Date of publication: 30.09.2016 18:44
Date of changing: 30.09.2016 18:45

«Ашық есік күні»        

         2016 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай обласы бойынша Мемелекеттік кірістер Департаменті «Қостанай-КРО» кеден бекетінде «ашық есік күні» өткізілді. Кеден бекетіне Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды.

Кеден бекетінің басшысы балаларды бекеттің қызметімен және кедендік тексеріп қарау, кедендік қарау,  кедендік сараптама жүргізу үшін сынама және үлгілерді іріктеу сияқты кедендік бақылау түрлерімен таныстырды.

Одан кейін күнделікті кеден бекетінің қызметкерлері атқаратын жұмыстарды бейнелейтін бейне роликтер және фотосуреттер көрсетілді.

Балалар кеденші және кинологтардың мамандықтарына қызығушылық танытты, оқудағы үлгірімдерін жақсартатындарын айтты.

Кейін кеден бекетінің басшысы мамандардың атынан тәтті сыйлықтар табыстады.