2015жылы 02 сәуір күні Лисаковск қалалық Мемлекеттік кіріс басқармасында патент бойынша есеп беру сұрақтары және электрондық қызмет алу бойынша тақырыптық семинар өтті.Барлық қалаушыларға салықтық есеп формасын электронды түрде тапсыру және де салықтық есеп формасын толтыру көрсетілді.Салық төлеушілерге пайдалы жақтары түсіндірілді- компьютерде салық төлеушілер кабинеті мен ИС СОНО –ға қалай кіру керектігі көрсетілді.Барлық қалаушыларға патент бойынша салықтық есеп (911.00ф.) беруді толтыруға арналған арнайы терминалға құрылып енгізілген видеороликтерді мұқият үйрену ұсынылды.Үстелдерде 911.00,911.01 есеп беру электронды формасы кезекпе-кезек толтыру бойынша ақпараттар бар парақшалар қойылды. Осы парақшалар барлық салық төлеушілерге тапсырылды.Мемлекеттік кіріс басқармасында салық төлеушілерге арналған 4 терминал орнатылған және электронды түрде есеп беру үшін консультациялық көмек көрсетіледі.
Лисаковск қ.МКБ