Date of publication: 27.06.2022 11:46
Date of changing: 27.06.2022 12:04

Салық және бюджетке төленентін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі ) 532 бабының 1 –ші тармағына сәйкес  жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді, сондай-ақ,  егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.

Салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің Мемелкеттік Кірістер Комитеті  «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын(App Store және Play Market жүктеп алуға болады) жүзеге асырды, бұл қолданушылар үшін тиімді.

Осы қосымшада Қазақстан Республикасының әрбір азаматы алдағы төлемдердің сомасын білегу, сондай-ақ Салық Заңнамасына сәйкес мерзімде бюджетпен есеп айырысуды жүргізегу мүмкіндігі бар.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармас