Date of publication: 10.10.2016 17:17
Date of changing: 10.10.2016 17:21

2017 жылдан АСР бойынша патент және оңайтылған

декларация негізіндегі өзгерістер

 

IMG_6145        2016 ж. 5 қазанда «Керуен» сауда үй залында Лисаковск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен қала кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Кездесуде қаланың кәсiпкерлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi ат салысты.

           Кiрiспе сөзбен Лисаковск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары Ж.М.Утепова 2015 ж. қараша айында  ҚР Парламентімен қабылданған «Қазақстан Республикасының салық салу және кедендік әкімшіліктендіру сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғаны туралы қысқаша түсінік берді. Әсіресе ЖК патент негізінде арнаулы салық режимін атқару барысында қызмет түрлерінің бекітілген тізбесін қолдануға болатынын айтты.

Соған қоса СМБ-ге арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге қажеттілікте есептеу нормасы енгізіледі, жеке табыс салығы бойынша кірістен салық есебін табыс ету мен төленуі, міндетті зейнетақы төлемдер мен әлеуметтік жарналар төлем көзінен салық салатын, жалпы белгіленген тәртіпте , олар бойынша ай сайын төлеу және тоқсан сайын салық есебін ұсынылуын хабарлады.

Барлық қатысушыларға 2016 ж. 1 қазанынан бастап «Чек сұрап-жүлде ұт» акциясының басталғанын хабарлады.  Акцияның мерзімі және өту рәсімін қысқаша түсіндіріп өтті. Салық заңдарын түсіндіргеннен соң диалог өтті. Салық төлеушілерден басқа салық режиміне өту , ККМ-ді қалай орнату және басқа да сұрақтар қойылды.   

                                                                                                                                      Лисаковск қаласы бойынша МКБ