
Барлық мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың назарына!
15.07.2022 жылы 270.00 нысандағы жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз жеткізгіште ұсыну мерзімі аяқталады.
Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде I кезеңде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 2021 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары болған жеке тұлғалар кірді.
Осыған байланысты, көрсетілген тұлғалардан 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 250.00-нысанының активтері мен міндеттемелері туралы декларация 2021 жылы ұсынылды.
Салық кодексінің 633-бабы негізінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация табыс етілген жылдан бастап келесі жылдан бастап есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша 270.00-нысанының кірістері мен мүлкі туралы декларация жыл сайын табыс етіледі.
Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз жеткізгіште тапсыру мерзімі - 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық түрде - 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей. Декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша ұсынылады.
270.00 декларацияны электронды түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында – (cabinet.salyk.kz) «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады.
Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға қатысты толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) ресми сайтынан, байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша немесе Мемлекеттік кірістер департаментінің 53-49-51, 53-58-71 телефондары арқылы алуға болады.