Date of publication: 19.07.2022 15:57
Date of changing: 19.07.2022 16:01

№ исх: ДГД-УАКН-2-1888   от: 12.07.2022

№ вх: ДГД-УАКН-2-1888   от: 12.07.2022

№ исх: КГД-11-4-9/10268-И   от: 05.07.2022

№ вх: 12168   от: 05.07.2022

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

 

2022 жылғы 22 маусымдағы

№ 612

 

ҚР Ішкі істер министрлігі

Нұр-Сұлтан қаласы

2022 жылғы 22 маусымдағы

№ 513

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі 20

2022 жылғы 22 маусымдағы

№ 515/қе-қа

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б.Ақшолақов

2022 жылғы 20 маусымдағы

№ 215

 

 

 

 

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін

әкетудің кейбір мәселелері туралы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ  жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710                            19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710                               19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. 

         2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

          3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында және көлемі 20 литрден асатын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.

4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.

5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

         3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

         7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

         Қазақстан Республикасы

         Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

        

 

«КЕЛІСІЛДІ»

         Қазақстан Республикасы

         Сауда және интеграция министрлігі

 

 

         «КЕЛІСІЛДІ»

         Қазақстан Республикасы

         Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

__________Е. Жамаубаев

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

__________М. Ахметжанов

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

__________Е. Сагимбаев

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі

__________Б. Акчулаков

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 01.07.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 28670 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство энергетики Республики Казахстан - заместитель директора Бауржан Илесович Амирбеков, 23.06.2022 13:02:21, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство финансов Республики Казахстан - директор ДЮС Асет Багдатович Шонов, 29.06.2022 19:29:40, положительный результат проверки ЭЦП

Комитет Национальной Безопасности РК - ВРиО начальника департамента Даулет Токмухамедович Естемисов, 28.06.2022 09:57:21, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство внутренних дел РК - Директор департамента Кайрат Сыздыкович Дюсембеков, 28.06.2022 11:29:27, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Алма Кайратовна Муканова, 30.06.2022 19:58:48, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Е. Жамаубаев, 01.07.2022 12:57:54, положительный результат проверки ЭЦП

ҚР Ішкі істер министрлігі - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі М. Ахметжанов, 01.07.2022 17:09:01, положительный результат проверки ЭЦП

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Е. Сагимбаев, 01.07.2022 10:24:01, положительный результат проверки ЭЦП

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі - Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б. Акчулаков, 01.07.2022 10:04:06, положительный результат проверки ЭЦП