Date of publication: 20.07.2022 15:05
Date of changing: 20.07.2022 15:12

Мемлекет басшысының өзін – өзі реттеу, қоғамдық бақылау құралдарын мораторийдің қолданылу кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Азаматтық бақылау - Чекті талап ет"пилоттық жоба өткізеді.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Оның аясында азаматтар фискалдық чекті бермеуге қатысты бұзушылықтар және банк картасын қабылдаудан бас тарту туралы хабарлай алады.

"Азаматтық бақылау-Чекті талап ет" пилоттық жоба кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.

Фискалды чекті бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) алуға болады.

Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы