Қостанай ауданы бойынша МКБ 2015 жылдың 1 тоқсанына өткізілген тақырыптық тексерістер туралы
Қостанай ауданы бойынша МКБ салық заңнамасының өзгерістері, соның ішінде өндіріс сферасында және алкогольді өнімдер мен этил спиртінің айналымы бойынша тұрақты негізде салық төлеушілермен семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар Қостанай аудандық филиалы «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасарының, Қостанай филиалының кәсіпкерлер Палатасы директорының, Қостанай ауданы прокуратурасының қатысуымен дөңгелек устелдер өткізілді. Берілген тапсырмалармен, салық заңнамасының барлық өзгерістері туралы ақпараттар «Арна» аудандық газетінде және Қостанай ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылады.
Дегенмен іс-шараларды өткізу барысында кәсіпкерлік субъектілерінің салық тәртібін сақтауды және тұтынушылардың құқығын қорғауға әрекет етуді қамтамасыз ету мақсатында, Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен 2015 жылдың 1 тоқсанына жеке сұрақтар бойынша 36 тақырыптық салық тексерісі, соның ішінде төлем карточкаларын қолданумен төлемдерді жүзеге асыру үшін арнаулы жабдықтардың (құрылғылар) бар болуы сұрағы бойынша 27 тексеріс, кассалық-бақылау машиналарының бар болуы, 27 жөнсіздіктің табылуы жағдайында өткізілді.
Акциздік және есеп-бақылау маркаларының тұпнұсқалығы және бар болуы, алкогольді өнімдерге жолдама құжаттамасының тұпнұсқалығы және бар болуы, биоотындар және мұнай өнімдері, лицензияның бар болу сұрақтары бойынша 9 тексеріс. 9 салық төлеушілер бойынша жолдама құжаттамасынсыз 193,6 мың.теңге жалпы сомасына 100 бөтелке мөлшерінде алкогольді өнімдер табылған, бұл 1999ж 16.07. №429-I "Алкогольді өнімдер мен этил спиртінің айналымы және өндірісті мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9 б. 5 т. бұзушылық болып табылады. Тексеріс барысында табылған бұзушылықтар бойынша ҚР КоАП 282б. 3б. 7тт. сәйкес әкімшілік материалдар құрастырылған және талқылауға Қостанай аудандық сотына жіберілген. Белгіленген деректер бойынша мемлекет кірісіне тікелей құқық бұзушылық болып табылатын, алкогольді өнімдерді тәркілеумен жалпы сомасы 1040,1 мың. теңгені құрайтын айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту туралы шешім шығарылды.