«ЧЕКТІ ТАЛАП ЕТ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!»
АКЦИЯ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨТКІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ТУРАЛЫ»
Қостанай ауылшаруашылық колледжі ғимаратының акт залында Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аудан әкімдігінің, бұқаралық ақпарат қызметінің өкілдерінің қатысуымен бақылау-кассалық машинасынан чек алу, насихаттайтын бақылау-кассалық машинасынан қолдану, сонымен қатар «Түбіректі талап ет –жүлдені ұтып ал!» акциясы тақырыптары бойынша студенттермен семинар өткізілді.
Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Б.Ә.Қырықбаевпен колледж оқушыларына бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі, салық бақылауы бойынша бақылау – кассалық машинасынан қолдану тәртібін сақтау туралы түсіндірулер өткізілді. Барлық қатысушыларға жадуалдар таратылды.
УВАЖАЕМЫЕ ПОКУПАТЕЛИ!
Для обеспечения гарантии защиты Ваших прав и интересов при неудовлетворенности качеством купленного Вами товара необходимо помнить, что: После оплаты продавцу стоимости товара Вы вправе потребовать чек контрольно-кассовой машины, как установлено Налоговым кодексом. Обращаем Ваше внимание! Продавец обязан выдать Вам чек контрольно-кассовой машины. Отказ выдачи чека - является нарушением порядка применения контрольно-кассовых машин и грозит продавцу административной ответственностью. По всем фактам невыдачи чека контрольно-кассовой машины сообщать в органы государственных доходов.
|
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ! Сізбен сатып алынған тауарға көңіліңіз толмаған кезде Сіздің құқығыңызды және мүддеңізді қорғау кепілдігін қамтамасыз ету үшін, яғни: Тауардың құнын төлеген соң, Cалық кодексімен айқындалған тәртіпте Сіз одан бақылау-касса машинасының чекін талап етуге құқылысыз. Сіздің назарыңызға! Сізге сатушы бақылау-касса машинасының чекін беруге міндетті. Чекті беруден бас тартқан жағдайда – аталған факті бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу болып табылады және сатушыны әкімшілік жауапкершілікке таруға әкеліп соғады. Бақылау-касса машинасының чекін бермеу барлық фактілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарлаңыз.
|
Ұйымдастыру-құқық жұмыстары бөлімінің басшысы У.С.Лаевскаямен студенттерге «Түбіректі талап ет –жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізу тәртібі жөнінде мәлімет жеткізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетімен, сауда және қызмет көрсету кезінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қарашасына дейін «Түбіректі талап ет –жүлдені ұтып ал!» АКЦИЯСЫН өткізеді.
Қазақстанның әрбір азаматы акцияға қатысып және сыйлыққа ие бола алады.
Акцияны өткізу мақсаты:
- тұрғындардың салықтық сауаттылығының дамуы және азаматтық белсенділігінің жоғарлауы;
- тұрғындармен қаражатты есептесуді жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы;
- азаматтарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу сұрақтары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар сияқты меншікті қызығушылықтарын қорғау;
- бақылау-кассалық машиналарын қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы қоғамды және салық төлеушілерді ақпараттандыру;
- бақылау-кассалық машиналарын қолдану жолымен Қазақстанның салық төлеушілері арасында салықтық тәртібін жоғарлату есебіне бюджетке төленетін салық төлемдерінің түсімдерін өсіру;
- көлеңкеленген экономиканың мөлшерін қысқарту;
- кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру.
Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында акцияны өткізу кезеңінде БКМ чектерін ұтыс ойынының купонына айырбастау пункті ұйымдастырылған.
Акцияға қатысушы бақылау-кассалық машиналар чектерінің мөлшері қатысушылардың өздері сияқты тең шектелмеген.
Сонымен ұтыс ойынының бір купоны бақылау-кассалық машинасының 10 чегіне айырбасталуына мүмкін болады.
Акция үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең аудандық деңгейде, қалалардың аудандарын қосқанда, сонымен қатар аудан бойынша аумақтық бөлімдердің жоқ болуы жағдайындағы қалаларда;
- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңыздағы қалаларда;
- үшінші кезең республикалық деңгейде.
Акцияның жеңімпаздары жұрт алдында ұтыс ойынының купондарын кездейсоқ таңдау жолымен анықталатын болады.
2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қарашасы аралығындағы акцияны өткізу кезеңінде акцияның Қатысушылары екі бөлімнен тұратын ұтыс ойынының купонын жазып толтырады:
бірінші бөлім, акцияның шарттары туралы ақпаратты және теңестірілген нөмірді қамтиды, Ұтыс ойынының қатысушысында қалады.
екінші бөлім, қатысушының жеке деректері (ТӘЖ, мекен-жайы, телефон, және т.б.) толтырылады, арнайы жинаққа түсіріледі.
Әрбір қатысушыда сыйлық ұтып алу мүмкіндігі бар. Чек калай көп болса – солай сыйлық ұтып алу ықтималдығы жоғары болады.
Семинардың аяқталуы бойынша колледждің оқушыларымен бірге «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясы барысында флешмоб өткізілді.