Оқиға: «Первый БИТ» ірі өңірлік торабының Қостанай қаласындағы филиалы Қостанай облысы барлық өңірлерінің заңды тұлғаларының бухгалтерлерімен және жеке кәсіпкерлерімен оқыту семинарын өткізді.
Семинардың тақырыбы:
-1С:ИТС Қазақстан – «1C:Кәсіпорын» пайдаланушылар үшін ақпаратты және сервистерді алудың бірыңғай терезесі.
- Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп бойынша заңнамадағы жаңашылдық. Орта және шағын бизнес кәсіпорындарының МСФО қолдану ерекшеліктері.
Семинарға Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасының жұмыскерлері Б.У. Ерменов, Г.С.Искакова, сондай-ақ Аудит басқармасының бас маманы А.К.Туякова қатысып, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы түсіндірмелер берді. Семинарға қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Өткізу күні және уақыты: 2015 жылғы 8 сәуір, сағат 10.00
Өткізу орны: Майлин к-сі, 65; «Мистер Дарлинг» мейрамханасы.





























