Date of publication: 18.08.2022 14:07
Date of changing: 18.08.2022 14:08

2022 жылғы 17 тамызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл А.М. Журсиналинмен аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлеріне zoom - семинар өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және алдын алу мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес-процестерге талдау жүргізіп, олардың орындалуы кезінде лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беретінін айтты.

Арман Молдагазыевич қызметкерлерді қылмыстық істер бойынша мәліметтермен таныстырып, құқық бұзушылық жасау мүмкіндігін болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген жұмыс процестерін бақылауға алуды тапсырды.

Бұдан басқа, А. Журсиналин Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау қажеттілігі туралы еске салды. Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік маңызы бар екенін атап өтті.