Date of publication: 13.09.2022 16:44
Date of changing: 13.09.2022 16:47

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес,  қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемесінің мөлшері алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне қарай белгіленеді және қызметті жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін қызметтің әрбір объектісі үшін мыналарды құрайды.

·        лицензия беру кезінде:

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін - 200 АЕК;

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауды және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер үшін әрбір қызмет объектісі үшін:

Ø астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК;

Ø аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК;

Ø ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК;

·        лицензияны қайта ресімдеу кезінде  лицензия беру кезінде ставкадан 10 %.

      Лицензиялық алым үшін бюджеттік сыныптама коды -  105402 БСК.