Date of publication: 15.04.2015 17:10
Date of changing: 16.04.2015 11:25

«Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал!»

акцияға арналған флешмоб

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылғы 1 сәуірден бастап 30 қарашаға дейін «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал!» атты акцияны  өткізуде.

Акцияны өткізу мақсаты:- Азаматтардың белсенділігін және халықтың  салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату;

-       Халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау- қассалық аппаратын қолданудың әлеуметтік- экономиқалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;

-       Азаматтардың тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушы ретінде өз құқығын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу;

бақылау- қасалық аппаратын пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы салық төлеушілерді және қоғамды ақпараттандыру;

Бақылау – кассалық машинаны қолданысқа енгізу арқылы Қазақстандағы салық төлеушілер арасында  салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсемдерін көбейту.

-       Кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынталандыру.

 

Акция шарты: - Акцияға қатысатын бақылау- қассалық машина түбіртектерінің саны қатысушылардың өздерінің де санына шектеу қойылмайды;

-       Бұл ретте бақылау – қассалық машинасының 10 түбіртегіне бір ұтыс купоны беріледі;

-       Бақылау- қассалық машинасының түбіртегі акцияда бір рет қана , акцияны жүргізу кезіндегі, яғни 2015 жылғы 1 сәуірден бастап 30 қарашаға дейін кез келген айда қатыса алады.

 

БАҒАЛЫ ЖҮЛДЕЛЕРДІ ОЙНАТУ АЙ САЙЫН!

  

Мектеп директоры Айгүл Аронқызы Ыбраева кіріспе сөз сөйледі, өз кіріспе сөзінде Алтынсарин ауданы  бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасының  өкілдері ақпаратты  қабылдау және жөндеу  орталығының басшысы Азамат Мендібайұлы Бекпановпен,  салық төлеушілерімен жұмыс бөлімінің бас маманы Шынар Сардайқызы Жолдыбаевамен таныстырды.

   

Акция қатысушылардың алдында  А.М. Бекпанов сөйледі,  «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал!» акцияны өткізу мақсатын және акцияның шартын түсіндірді. Қатысушылар  «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал!» акциясының  өткізуіне үлкен ықылыстарын білдірді.

Мектептің оқушылары  флешмоб биі  көрсетілді. Сонымен қатар Алтынсарин ауданында  бүкіл сауда  орталықтарында  «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал!» акцияны үгіттеу  ақпараты   орнатылды.