Алтынсарин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын тойлауға орай қайырылымдық акциясы өтті
Совет халқының фашизмді жеңудегі ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында ауланы қардан тазарту, шаруашылық істеріне көмектесу, жөндеу жүргізу және жақсы көңілкүй сыйлау, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын тойлауға орай Алтынсарин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметекерлері Қостанай облысы, Алтынсарин ауданының, Докучаево селосында тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагері Яковенков Михаил Михайловичте болды.
Көпшілік соғыс ардагерлері үшін қазіргі уақытта үйде тазалық жасау, ұсақ жөндеу, бақшадағы жұмыс үлкен проблема. Бұл жағдай түсінікті, жылдар өтіп, қарт жасы сезіле бастайды. Дәл осы уақытта құрметті ардагерлерге біз көмектксеміз және көмектесуге мідеттіміз.
Михайл Михайлович 1932 жылы 5 желтоқсанда Саратов облысы, Самойловска ауданының, Залисянка седосында туған. 1940 жылы мектепке барды, ал 1941 жылы отбасы Ферғана қаласына ауысты.1943 жылы Армавир қаласына кетті.Осы жылы жауынгерлік бөлімнің түлегіне қабылданды.1944 жылдың тамыз айында осы жауынгерлік бөліммен 3-ші Украйн фронты, 27-ші Армиясының, 337-ші дивизяисымен фронтқа кетті. Румынияны, Венгрияны, Австрияны өтті.1946 жылы дивизия таратылды, Слтүстік Кореяның 662249 жауынгерлік бөліміне жіберілді.1949 жылы әкерден босатылды.1957 жылы Алтынсарин ауданының, Докучаев атындағы кеңшарына келді, өңдеуші, МТШ меңгерушісі, инженер болып істеді. Жауынгерлік марапаттамалары бар: Отан соғысының ордені, «Жауынгерлік сіңірген еңбегі үшін», «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңу үшін», меретой медальдері.
МКБ қызметкелері ардагерге азық-түлік жиынтығын табыс етті, аулада тазалық жасады, шаруашылық ауласын қардан тазаррты.
Михайл Михайлович МКБ қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.