
2022 жылғы 20 қазанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл А. М. Жүрсіналин МКД, ТУГД және т.б. жеке құрамымен семинар өткізді.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері туралы айтты.
Арман Молдағазыұлы өз баяндамасында мемлекеттік қызмет үшін имидждің маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар екенін атап өтті. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді жұмыс істеуі мен дамуының қажетті шарты, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру үшін шарт болып табылады.