
▫️ "E-Salyq Business" мобильді қосымшасы салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету үшін әзірленген.
▫️Мобильдік қосымшаның пайдаланушылары арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер болып табылады.
"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы пайдаланушысы болу үшін жеке кәсіпкерлер оны жүктеп, авторизациядан өтуі керек.
▫️Тегін мобильді қосымшаны App Store, App Gallery, Play Market-тен жүктеуге болады.
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасын қолдана отыра салықтық міндеттемелеріңізді жеңілдетіңіз.
▫️Мобильді қосымша мыналарды өндіруге мүмкіндік береді:
1.Жеке кәсіпкер ретінде оңайлатылған тіркеу;
2.Салық режимін таңдау немесе өзгерту;
3. Чек қалыптастыру;
4.Кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыру;
5.Хабарламаларды алу;
6.Жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату.
▫️Мобильдік қосымшада дара кәсіпкердің табысы қосымша чектерінің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банктік шоттарға аударымдар бойынша деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған кезде) немесе кәсіпкер қолмен енгізу арқылы енгізген деректер бойынша қалыптастырылады.