Date of publication: 01.12.2022 12:40
Date of changing: 01.12.2022 12:44

2022 жылғы 29 қарашада Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласының «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп Қостанай қаласының базарлары бойынша түсіндіру сипатындағы бірлескен көшпелі семинарлар өткізді.
Осы іс-шараның негізгі мақсаты: Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік кірістер органдарының функциялары мен міндеттері, жеке кәсіпкерді тіркеу мүмкіндіктері туралы, арнаулы салық режимдері, мемлекеттік қызметтерді алу, «E-Salyk Azamat», «E-Salyq Business» мобильдік қосымшалары, «Азаматтық бақылау - чекті талап ет!» пилоттық жобасы, БКМ тіркеу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және басқа да өзекті тақырыптар.
Түсіндіру барысында қызметкерлер қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ салық төлеушілерге, іс-шараға қатысушыларға түсіндіру сипатындағы жадынамалар табысталды.