Date of publication: 08.12.2022 12:48
Date of changing: 08.12.2022 12:49

2022 жылғы 01 желтоқсанда Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы прокуратурамен, полиция бөлімімен, сондай-ақ жеке сот орындаушысы Р. Е. Хасеновпен бірлесіп жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Іс-шара барысында салық төлеушілерге борышкерлерге қатысты қолданылатын мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы түсіндірілді. Бұл: борышкердің мүлкіне, банктердегі борышкердің ақшасына тыйым салу, борышкердің жылжымалы мүлкін алып қою, Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу.
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 56,3 мың теңге сомасында салық берешегі өндірілді.