Date of publication: 13.12.2022 11:32
Date of changing: 13.12.2022 11:34

Бірыңғай төлем: төлеу, аудару және қайтару ережелері әзірленді
талқылау жобасы 14.12.22 дейін
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері үшін жалақыдан бірыңғай төлемді енгізу және оны төлеуді, аударуды және бөлуді, сондай-ақ қайтаруды қалай жүргізу керектігін белгілеу ұсынылады.
Бірыңғай төлемнің құрамына жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды қосу жоспарлануда.