
2022 жылғы 20 желтоқсаннан бастап техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау қағидаларына өзгерістер күшіне енеді.
Енгізілген өзгерістер шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларымен аяқтау мерзімін қарастырады. Енді мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды аяқтаудың максималды мерзімі ҚР аумағына әкелінген тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсыну сәтінен бастап 4 жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды аяқтау мерзімдері бойынша міндеттемесі шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп уақытылы танудың кепілі болып табылады.
Осы бірлескен бұйрық Қазақтан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/174988/kaz).