Date of publication: 29.12.2022 11:27
Date of changing: 29.12.2022 11:30

▫️22.12.2022 жылдан бастап аумақтық мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау мүмкіндігі мақсатында «SalyqBot» (ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің TelegramBot) «Сауалнамалар» бөлімінде «Мемлекеттік қызметтер бойынша сауалнама» және «Сыбайлас жемқорлық туралы сауалнама» деген екі сауалнама орналастырылды.
▫️Бұл сауалнамалар салық төлеушілерге бағалауға мүмкіндік беретін «SalyqBot»- қа тіркелген пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді. Тіркелмеген пайдаланушылардан Telegram-да "SalyqBot" - та Автоматты тіркеуден өту сұралады.
▫️Сауалнаманы QR кодтары мен сілтемелерін жариялау арқылы әлеуметтік желілер: https://t.me/SalyqBot?start=opros_gos ("Мемлекеттік қызметтер бойынша сауалнама"), https://t.me/SalyqBot?start=opros_korup ("Сыбайлас жемқорлық туралы сауалнама") арқылы да алуға болады.