Date of publication: 15.11.2016 09:41
Date of changing: 15.11.2016 09:42

Қостанай облысының экономикалық сотында оңалту және банкротттық туралы істерді қарау бойынша сот практикасындағы мәселелер талқыланды

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық туралы істерді қарау бойынша сот тәжірибесіндегі мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара модераторы облыстық сот төрағасы Асламбек Мерғалиев болды.

Дөңгелек үстелге судьялар, Мемлекеттік кірістер департаментінің, облыстық прокуратурасының, банкроттық барқарушының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, «Жетісу» кәсіби басқарушылардың кеңесі» РҚБ филиалы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ, «Евразийский банк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «СПК Тобол» АҚ, «Сбербанк» АҚ, облыстық адвокаттар алқасы мен БАҚ өкілдері болды.

Шараға қатысушылар банкроттық және тарату аясында келісім шарттарды заңсыз деп тану туралы істер бойынша сот тәжірибесіндегі өзекті мәселелермен қатар қарыз алушыларды қасақана банкроттыққа итермелейтін лауазымды тұлғалардың субидиалық жауапкершілігінде кездесетін келеңсіздіктерге тоқталды.

Экономикалық сот судьялары Гүлмира Рахымбаева мен Марияш Жамалиева өз баяндамаларында «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша өзекті тұстарын айтты.  

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер департаменті оңалту және банкроттық бөлімінің өкілі Татьяна Шалбанова тыңдаушыларды лауазымды тұлғаларымен қасақана борышкерді төлем қабілетсіздігіне (әдейі банкроттық) әкелу субсидиарлық жауапкершілік мәселерімен баяндама арқылы таныстырды

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қатысушылар оңалту және банкроттық саласындағы құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді, олардың шешуін табу жолдарын талқылады, сонымен қатар әкімшілерге жұмыста қолдану үшін кейбір ұсынымдар берілді.