Date of publication: 21.11.2016 18:03
Date of changing: 21.11.2016 18:16

«Бірге көмектесеміз»

          Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» іс-шарасы аясында қайырымдылық көмек өткізілгені туралы хабарлайды.

         Жетіқаралық Дима және Владислав Цигельдің тағдыры туралы, оларға қымбат есту аппараттары керек екендігі жаиында біз «Костанайские новости» газетінен естіп білдік, олардың өкілімен хабарласып, көмек көрсету туралы шешім қабылдадық.

       Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2016 ж.12 қарашада қалалық балалар шығармашылығы мектебінде қайырымдылық концертін өткізді және бұнда көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілерінің өнер туындылары мен қолдан жасалған әшекей заттар жәрмеңкесін ұйымдастыры.

         Бұл іс-шарадан түскен қаржы 353 600 тенгені денсаулығы жоқ балалардың еміне жұмсау үшін «Алақандағы өмір» жобасына берілді.

        Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бұл шараны ұйымдастырудың басты мақсаты, қиындыққа ұшыраған осы денсаулығы жоқ балаларға қол- ұшын беру,өмірлерін қолдан келгенше жақсартуға үлес қосуға және «Алақандағы өмір» жобасына    көмек көрсету болып табылды.

          Бұл шараға 2 заңды тұлға және 423 адам қатысты, Мемлекеттік кірістер басқармасы Қостанай облыстық балалар үйінің 30 тәрбиеленушілерін және Қостанай қаласының аз қамтылған отбасыларынан 50 баланы шақырды.

         Концертте Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары және штаттан тыс мамандар әндер айтып, өлеңдер оқыды, музыкалық мектебінің балалары өздерінің өнерлерін көрермендерге сыйға тартты, ол үшін көрермендер қолсоғып өз ықыластарын білдірді. Іс шараға БАҚ-Алау телеканалының өкілдері қатысты.

          Бұл іс-шара өткізілу барысында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» және Мүлікті жария ету акциялары туралы баннерлер іліп концер және жәрменке көрермендеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оларға жарнама кітапшаларын таратты.

«Алақандағы өмір» жобасы Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын Алғыс хатымен марапаттады

     «Алақандағы өмір» жобасының құрылған уақытынан, яғни соңғы 5 жыл ішінде мемлекет қзметкерлерінің қатысуымен ең үздік іс-шара біріншірет өткізілді.