Date of publication: 10.03.2023 18:25
Date of changing: 10.03.2023 18:27

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы апта сайын бейсенбіде салық заңнамасындағы өзгерістер мәселелері бойынша семинар өткізеді. Семинар барысында спикерлер Жанна Тұрғанова мен Мерей Алпысбаева қатысушыларға жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне кім кіргенін, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген ◼Бірыңғай төлемді, ҚР ҚМ МКК мобильдік қосымшалар сервистері туралы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру шарттары мен Қазақстан Республикасы азаматтарының банкроттығы туралы айтып берді.
◼Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Сәуле Бисембаева тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге қатысты сұрақтарға жауап берді, ал салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Румия Гафурова қатысушыларға БКМ қолдану және ТИС артықшылықтары туралы айтып берді.
◼Семинарға Қостанай қаласының консалтингтік компанияларының өкілдері де қатысты. ◼Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар алынды.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы