Date of publication: 20.03.2023 15:38
Date of changing: 20.03.2023 15:39

2023 жылғы 16 наурызда Тобыл қаласындағы Қостанай ауданының «Астана» спорт кешенінде азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өткізілді, оған Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Базарбай М.Ш. қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру болды.

Қостанай ауданы тұрғындарының басқарма басшысына жеке тұлғалардың банкроттығына, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға, сондай-ақ көлік, мүлік, жер салығына салынатын салықтардың мөлшерлемелері мен жеңілдіктері бойынша бірқатар сұрақтар қойылды. Шуинов Б.М.қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

 

                                                                                                                                                                                       Қостанай ауданы бойынша МКБ