Date of publication: 28.03.2023 12:55
Date of changing: 28.03.2023 12:56

     Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу бойынша күн сайын көшпелі семинарлар өткізеді.

     Басқарма қызметкерлері осы жұмыс шеңберінде Қостанай қаласының квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері үшін 17-24 наурыз аралығында көшпелі семинарлар өткізді. Іс-шараларға 200-ден астам адам қатысты.

    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары кіргенін еске саламыз.

    Семинар қатысушыларына салықтық әкімшілендірудің ең өзекті тақырыптары түсіндіріледі және осы тақырыптар бойынша жадынамалар таратылады.

 

 

                                                                                                                 Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы