
2023 жылғы 5 сәуірде Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "ЧелМУ" Қостанай филиалының студенттері үшін "Ашық есік күні"өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты студенттерге ұйымның қызметі, мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, салық заңнамасының нормалары туралы айтып беру.
"Персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің" басшысы С. В. Генкель және "заң бөлімінің" бас маманы Ж.Д. Тұрғанова жоғарыда аталған тақырыптар бойынша түсініктеме беріп, "студенттер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы"интеллектуалды – танымдық викторинасын өткізді. Викторина барысында студенттер тәтті сыйлықтар алды.
Қостанай қаласы бойынша ІІД қызметкерлері аталған іс-шараға қатысушыларға алғыс айтып, жадынамалар табыс етті және оларды аталған іс-шараларға қатысуға шақырды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы