«Мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік әдепті сақтау
талаптары туралы»
Мемлекеттік қызметі атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметкерлердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғарғы талаптар қоялады.
Қоғам мемлекетік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін ,білім мен тәжірибесін жұмсайды,қоғамға ,Отаны - Қазақстан Республикасы әділ қалыпсыз қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының 49 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекетік қызметі туралы» мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар: заңдылық қағидатын басшылыққа алу;мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйікті түрде іске асыруға,өзінің әрекеттерімен мемлкеттік биліктің беделін нығайтуға,мемлекеттік қызметке кір келтірмейтін әрекетке жол бермеу;мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;жалпыға ортақ қабылданған марольдық-әдептілік нормаларын сақтау;Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға үлгісі болуға;қарамағандағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебінде көзделген өзгеде әдеп қағидаларды сақтауға міндетті.
Мемлекеттік қызметкердердің қызметтік әдебін бұзуы Заңда белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеліп соғады.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені уәкілетті органың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қостанай қаласы бойынша МКБ