Date of publication: 08.12.2016 09:37
Date of changing: 08.12.2016 09:45

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жемқорлық деңгейінін төмендеуін айтады

         Қостанай облысы бойынша МКД негізгі және басым бағыттарының бірі мемлекеттік кірістер қызметкерлері тарапынан лауазымдық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады, осыған байланысты, Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы өз қатарының таза болуын қамтамасыз ету мақсатында, облыстың құқық қорғау органдарының өз ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен Өзара іс-шаралар жоспарларына қол қойды.   

         Қабылданған шаралар өзінің нәтижелерін бере бастады. Бүгін біз мемлекеттік кірістер органдарында жемқорлық деңгейінің төмендеуін айта аламыз.

         Ү.ж. 10 айы ішінде өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда Департаментке қатысты тіркелетін сыбайлас жемқорлық сотқа дейінгі тергеулердің саны шамамен 75% қысқартылды. Бұл ретте басым бөлігін Ішкі қауіпсіздік басқармасы және облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлескен әрекеттермен анықталды.

         Департаменттің мұндай оң серпінінің себептері болып сыбайлас жемқорлық жұмысын қайта жобалау болып табылды.

         Егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет оның зардаптарымен күресуге бағытталса және кінәлі адамдарды қылмыстық жазалауда білдірілсе, қазір ерекше назар профилактиға аударылды.

         Департаменттің лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардан 54 арыз және өтініш келіп түсті, олардың ішінен 2 шағым расталды.

         Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекет үшін қызметтік жауапкершілікке 4 лауазымды адам тартылды.

         Қостанай облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы 2016 жылғы 12 шілдеде Рудный аумағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ҚР ҚК 1-бөлігінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдың шеңберінде Рудный қаласы бойынша МКБ салық төлеушілерді қабылдау және өндеу орталығы бөлімінің басшысы М.М.Бекмагамбетов қосылған құн салығы бойынша есепке алу үшін аталмыш ЖШС-дан жалған жедел түрде есепке қойғаны үшін 100 000 теңге сомасында заңсыз ақша сыйақысын алғаны үшін әшкереленді.

         ҚР Салық кодексінің 569, 570-баптарына сәйкес, қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы тіркеу есебі және куәлік салықтық өтінішті беру күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады және тіркеу органының лауазымды адамының электрондық цифрлы қол қойылуымен расталған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

         Рудный қалалық сотының 22.08.2016 жылғы үкімімен М.М.Бекмагамбетов жоғарыда көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылды, өмір бойы мемлекеттік органдарда лаузымды қызметте болу құқығынан айырумен, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеумен, пара сомасының елу есе сома көлемінде 5 000 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

         Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды, оның жұмыс нәтижелері бойынша Аудит басқармасының 3 лауазымды адамы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша бақылауды және шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің кеден бекеттерінде және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында:

-         web-камералар орнатылған, олардың көмегімен Департаменттің лауазымды адамдарының қызметіне мониторинг жүргізілуде;

-         ай сайын сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа профилактикалық жұмыс, техникалық оқыту жүргізілуде;

-         тоқсан сайын Департаменттің интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат орналастырылуда;

-         Департаментке жұмысқа орналасуға ниет білдірген кандидаттарға қатысты алдын-ала тексеру, соның ішінде өзге қызметте сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылықты жасауға, сондай-ақ өзге құқық бұзушылықтарды жасауға жақын, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдер тобына жатқызу  іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыс және құқық бұзушылық фактілері, немесе кеден және салық заңнамасы саласында әзірленіп жатқан қылмыс туралы ақпарат, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдардың тарапынан сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз әрекеттері туралы 53-65-80 сенім телефоны бойынша, сондай-ақ WhatsApp арқылы 8 771 0179900 нөмірі бойынша хабарлауға болады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы» ҚР Заңын іске асыру мемлекеттік кірістер органдары  жұмыскерлерінің жоғары кәсіптілігі, олардың моральді-психологиялық бағдарлауы тиісті деңгейде болған кезде ғана, сондай-ақ әр қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа және өзге заңсыз әрекеттер көріністеріне қарсы тұруға дайын болған кезде ғана  мүмкін.

 

 

Қостанай облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

басшысының орынбасары                                           Б. Максимгереев