Өзінің азаматтық ұстанымды көрсет, жемқорлыққа қатысты жіті бол және төзбестікті көрсет
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы тұру және күрес бойынша жұмысты белсенді жүргізеді. Бұл Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен қалыптастырылған негізгі тапсырмалардың бірі.
Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алу және жою үшін басқарма прессада «сенім телефонын» жариялау жолы арқылы өз жұмысының айқындылығын қамтамасыз етті.
7 сәуір 2015 жылы басқарма басшысы Ж.С. Сиитова «Нұр Отан» партиясы» аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Кездесудің мақсаты салық төлеушілерге Салық кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып жеткізу.
Сонымен бірге, салық органдарының стратегиялық тапсырмасы салық қызметтерінің жоғары сапасына жету. Жыл сайын, уәкілетті органдармен салық салу базасын кеңейту, салық салудың жаңа объектілерін анықтау, көлеңкі экономикадан жасырын табыстарды шығару үшін бірлескен шаралар қабылданады.
Бухгалтерлік есепті дұріс жүргізу және салық есептілігін дұрыс тапсыру үшін салық төлеушілерге заңнаманың өзгерістері туралы түсіндіру қажет.
Кездесу барысында оңайтылған декларация негізінде арнайы салық режимі, бірыңғай жер салығы, тіркеу есебі туралы сұрақтар қойылды. Басқарма басшысы қойылған сұрақтарға барынша толық жауап берді.
Қостанай облысы МКД
Қарасу ауданы бойынша МКБ